Өзбекстанның арнайы мамандары "Мәулана Жалалиддин Балқы" әуежайының қызметкерлерін оқыту үшін Ауғанстанның Балх провинциясына барды.
Бұл туралы Өзбекстанның Ауғанстан бойынша арнайы өкілі Исматулла Иргашев Балхта тәліптермен кездесу кезінде мәлімдеді.
Ол 30 техникалық қызметкер Мазари-Шарифке әуежайды қалпына келтіру үшін ұшып кеткенін мәлімдеді. Иргашев Өзбекстан Ауғанстанға әртүрлі салада инфрақұрылым жағынан көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Бұдан бөлек әуежайдың 83 қызметкері оқу үшін Өзбекстанға келетіні айтылды.
Балх провинциясының губернаторы Кудратулла Әбу Хамзаның сөзінше, өзбек делегациясымен темір жолды жөндеу және электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселесі де талқыланды. Ол өлкеде банк жүйесі қалпына келгеннен кейін тәліптер қарыздан құтылатынын мәлімдеп, Ташкентті электр қуатын жеткізуді тоқтатпауға шақырды.
"Талибан" үкіметін әлемдегі бірде-бір мемлекет әлі ресми мойындамады.
ПІКІРЛЕР