Accessibility links

Польша премьер-министрі: Беларусьпен шекарамызды толық жауып тастауымыз мүмкін


Таяу Шығыстан келген мигранттар. Польша-Беларусь шекарасы
Таяу Шығыстан келген мигранттар. Польша-Беларусь шекарасы

Польша билігі Беларусьпен шекарасын толығымен жауып тастауы мүмкін. Бұл жөнінде Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Эстонониямен келіссөзден кейінгі баспасөз конференциясында айтты.

Моравецкийдің "неғұрлым көбірек ықпал ететін экономикалық санкциялар салуды қарастырып отырмыз. Беларусьпен арадағы шекарамызды жауып тастауымыз да мүмкін" деген сөзін Polskie Radio таратты.

"Лукашенконың ойлануына және жағдайды реттеп, мигранттарды өз еліне қайтаруына мүмкіндік бергіміз келеді ", – дейді Польша премьер-министрі.

Бұған дейін Польша Беларусьпен арадағы "Кузница" (Беларусь жағыннан "Брузги" деп аталады) өткізу пунктін жауып тастаған болатын.

  • Беларусь-Польша шекарасында Таяу Шығыстан келген мыңдаған мигрант жатыр. 8 қарашадан бастап олар шекарадан өтпекке бірнеше рет талпынған. Польша мен Еуропа одағының бірқатар елдері мигранттар Беларусь билігінің бақылауымен әрекет етіп жатыр деп бірнеше рет мәлімдеген.
  • Минск бұл айыптауды теріске шығарып, мигранттар тасқынын ұстап тұруға ақшасы жоқтығын айтқан.
  • Ресей президенті Владимир Путин Польша шекарашыларының мигранттарды өткізбей тұрған әрекеті Еуропа одағы насихаттайтын гуманизм құндылықтарына сай келмейтінін мәлімдеді. Бірақ Беларусь факторын еске алған жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG