Accessibility links

Лукашенко Германияға 2 мың мигрантты қабылдауды ұсынды


Александр Лукашенко.
Александр Лукашенко.

Германия Минскінің Беларусь-Польша шекарасындағы уақытша лагерьде жатқан 2 мың мигрантты қабылдау жөніндегі ұсынысын қабылдамады.

Бұл жөнінде "Неміс толқыны" қызметі хабарлады.

Ал Беларусь құқық қорғау органдары шекара маңына мигранттарды жіберуді жалғастырып жатыр. Польша шекара қызметі 21 қарашада 150 адам Дубиче-Церкевне қалашығындағы қоршауды бұзуға талпынды деп хабарлады. Мигранттардың іс-әрекеті Беларусь арнайы қызметі тарапынан бақыланып тұрды деп хабарлайды "Неміс толқыны".

2020 жылы Беларусьте өткен президент сайлауынан кейін Еуроодақ тарапынан мойындалмай келе жатқан Александр Лукашенко Ангела Меркельге Германия 2 мың босқынды қабылдасын деген өтініш жасағанын айтты. Лукашенконың айтуынша, Меркель бұл мәселені қарауға уәде берген, бірақ әлі жауап жоқ.

Германия мен ЕО-ның өзге елдерінің сынына қарамастан Меркель өткен аптада Лукашенкоға екі рет қоңырау шалған. Германия ресми өкілі Штеффен Зайберттің айтуынша, мақсат лагерьдегі ауыр жағдайды жақсарту жөнінде ұсыныс айтпақ болған, бірақ Лукашенко қоңырауға жауап бермеген.

ЕО Беларусьтағы мигранттарға гуманитарлық көмек ретінде 700 мың еуро жіберген.

2021 жылдың мамыр айынан бастап Таяу Шығыстан Еуроодақ елдеріне мигранттар ағыны өсіп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG