23 қарашада "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесі отырысында бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағалығын қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын айтты. Бұл жөнінде Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.
"Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев партияны президент басқаруы тиіс деп Nur Otan партия төрағасы өкілетін тапсыруды ұйғарды. Өкілетті тапсыру процедурасы партия жарғысына сәйкес жүзеге асырылады" деп жазды Үкібай.
Tengrinews агенттігіне берген сұхбатында Айдос Үкібай аталған шешімді "билік транзитінің қисынды жалғасы" деп атаған. Оның айтуынша, партия жарғысына сәйкес "партия төрағасын сайлау және босату" мәселесі Nur Otan съезінде қаралуы тиіс. Оған дейін Назарбаев партия төрағасы болып береді.
Қазақстанды отыз жылға жуық үзіліссіз басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы наурызда президент қызметінен кетті, алайда біраз маңызды құзіретті сақтап қалған еді. Оған Қазақстан қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқару құқығы берілген. Ол отставкадан кейін елдегі басқарушы "Нұр Отан" партиясының төрағасы қызметінен де кетпеді.
Осы сияқты жайттар елде "қос билік орнады" деген тұжырымның тарауына түрткі болған. Дегенмен кей сарапшылар "қос билік орнады дегеннен гөрі билік Назарбаевтың қолында қалды" деген тұжырым шындыққа көбірек сәйкес келеді деп санайды.
ПІКІРЛЕР