Accessibility links

Қырғызстан Қазақстанмен көмір импортын көбейтуге келісті


Қырғызстан Қазақстандағы "Шұбаркөл" кенішінен көбірек көмір тасымалдайтын болады. Бұл жөнінде Қырғызстанның монополияны реттеу агенттігі хабарлады.

Мекеме баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақын күндері Қырғызстанға 247 вагон көмір жеткізіледі. Билік көмірді халыққа тоннасын 4 мың 600 сомнан (23,4 мың теңге немесе 54 доллар) артық сатпауға уәде беріп отыр.

Қазақстандық көмір Бішкек, Шу облысының Шопоков, Қайыңды, Тоқмақ және Қант қалаларында сатылатын болады.

Қырғызстанда суық түскелі бері көмір тапшылығы байқалып жатыр. Оның үстіне былтырғы жылмен салыстырғанда көмір бағасы 20% қымбаттаған.

16 қарашада президент Садыр Жапаров тоннасы 3 мың сомнан аспайтын көмір сататын орындар ашуды тапсырған. Бірақ бұл ұзын-сонар кезек туғызып, әрбір сатып алушыға екі тоннадан артық көмір бермейтін болды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG