Accessibility links

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков өмірден озды


Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков (1948 - 2021). Сурет оның Facebook-парақшасынан алынды.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков (1948 - 2021). Сурет оның Facebook-парақшасынан алынды.

Желтоқсанның 6-сында тарих ғылымының докторы, профессор Талас Омарбеков 73 жасында Алматы қаласында қайтыс болды.

Жамбыл облысының Байзақ ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген ғалым 2001 жылдан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

Ол Мұхаммед Хайдар Дулати мұраларын, орта ғасырлардағы тарихи тұлғаларды зерттеп, Отан тарихын кезеңдеудің теориялық-методологиялық мәселелері бойынша бірқатар зерттеулер жасады. Қазақстанда сталиндік тоталитарық жүйенің орнығу тарихы мен оның салдарын зерттеген алғашқы тарихшылардың бірі болды.

20 ғасырдың 20-30-жылдары Қазақстанда байларды тәркілеу, шаруаларды күштеп ұжымдастыру саясатының зардаптарын ашып көрсетіп, сол тарихи кезеңде орын алған халық наразылықтарына жаңа тарихи көзқарас қалыптастырды. 1931-1933 жыллардағы ашар­шы­лықты геноцид деп тану жөнінде ғылыми дәлелдерін ұсынды.

"Қазақ шаруаларын меншігінен айыру және күшпен ұжымдастыру", "20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті" (1997), "ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселері" (2001), "Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас" (2004) атты ғылыми зерттеулерін жариялады.

Қазақстан президентінің жарлығымен 2020 жылдың қарашасында құрылған "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау" жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамында жұмыс істеп, Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар мен көтерілістерді анықтау, тарихи баға беру мәселесімен айналысты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG