Accessibility links

Францияда журналист Жамал Хашоггидің өліміне күдіктілердің бірі ұсталды


Жамал Хашогги.
Жамал Хашогги.

Францияда саудиялық журналист және ақын Жамал Хашоггидің өліміне күдікті адам қамауға алынды. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, корольдік гвардияның 33 жастағы сарбазы Халед Айед әл-Отайби 7 желтоқсанда Париждің Шарль-де-Голль әуежайында ұсталған. Ол Түркия билігі Хашоггидің ісі бойынша іздеу жариялаған 26 саудиялықтың бірі болып есептеледі.

Мухаммед бин Салманның авторитарлық саясатын аяусыз сынап келген әрі The Washington Post газетіне мақала жазып тұрған Хашогги 2018 жылдың қазан айында Сауд Арабиясының Стамбұлдағы консулдығында құжат алу үшін барғанда өлтірілген.

Осыған дейін АҚШ-тың Ұлттық барлау қызметі оппозициялық журналистің қазасына Сауд Арабия билігінің қатысы болғанын жариялаған.

Сауд Арабия ханзадасы Мухаммед бин Салман бұл қылмысқа өзінің қатысы жоқ екенін айтып келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG