Accessibility links

Зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану мерзімі екі есеге қысқарды


"Отбасы банк" зейнетақы қорындағы ақшаны пайдалану мерзімі 45 күннен 20 күнге дейін қысқарғанын хабарлады.

"Енді БЗТ (біржолғы зейнетақы төлем) қаражатын пайдалануға 20 жұмыс күні беріледі. Яғни, БЗТ арнайы шотқа түскеннен кейін, қаражатты 20 жұмыс күн ішінде мақсат бойынша пайдалану мүмкіндігі болады. 20 жұмыс күнін есептеу онлайн-платформада өтінім жіберген сәттен емес, БЗТ (біржолғы зейнетақы төлем) қаражаты сіздің арнайы шотыңызға түскен сәттен бастап есептеледі" деп хабарлады банк Инстаграмдағы парақшасында.

Жергілікті ақпарат құралдарының жазуынша, жаңа өзгеріс тек баспана жағдайын зейнетақы ақшасы арқылы жақсартқысы келетін азаматтарға қатысты. Жаңа өзгеріс 14 желтоқсаннан бастап күшіне енеді. Оған дейін есепшотына ақшасы түскендерге өзгерістің қатысы жоқ.

Қазақстан билігі 2021 жылдың қаңтарынан бастап азаматтардың зейнетақы қорындағы ақшасының бір бөлігін белгілі бір мақсатқа пайдалануына рұқсат берген. Желтоқсанның басында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) қорда міндетті түрде қалуы тиіс қаражат мөлшері ("жеткілікті шек") шамамен екі есеге ұлғаятынын хабарлаған. Зейнетақы қорындағы "артық ақшаны" пайдалануды жоспарлаған жұрт бұл өзгерістерге қарсылық білдірген. Кейбір белсенділер БЖЗҚ-ны сотқа да берген.

Халық наразылығынан соң президент Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы қорындағы өзгерістерді 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап енгізуді тапсырды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG