Accessibility links

Алматыда Республика алаңы жабық, полиция күзеті күшейді


Республика алаңы. Алматы, 16 желтоқсан 2021 жыл.
Республика алаңы. Алматы, 16 желтоқсан 2021 жыл.

16 желтоқсанда күндіз Алматыда Республика алаңы жабық болып тұрды. Полиция қызметкерлері алаңды Желтоқсан және Назарбаев көшелері жағынан бекіткен. Бейсенбі күні таңертең Тәуелсіздік монументі жағында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысқан ресми шара өткен. Шара аяқталғаннан кейін де бірқатар желтоқсаншылар, белсенділер тарамаған. Полиция айналаны бақылап жүр.

Алаң маңындағы әкімдік айналасында полиция көліктері мен автобустар тұр. Аумақта әзірге интернет істеп тұр.

Бұған дейін тіркелмеген Демократиялық партия және "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы (Нұр-Сұлтан соты ҚДТ-ны "эстремистік ұйым" деп танығанмен Еуропарламент "бейбіт оппозициялық ұйым" деп атаған) жақтастарын 16 желтоқсан митингіге шақырған. Митинг орны ретінде Желтоқсан құрбандарын еске алу мемориалын атаған.

16 желтоқсан — Қазақстан тәуелсіздігі күні. Бұл күн Қазақстанның жаңа тарихында тағы екі оқиғамен байланысты аталады. Осыдан 35 жыл бұрын дәл осы күні Кремльдегі биліктің Геннадий Колбинді советтік Қазақстанға басшы етіп тағайындағаннан кейін қазақ жастары Алматының орталық алаңына жиналып, наразылық танытқан. Совет билігі жастардың бейбіт митингісін күш қолданып, басып-жаншыған. Митингіден кейін жүзге жауапқа тартып, соттаған, жұмыстан шығарған.

2011 жылы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың бірнеше айға жалғасқан бейбіт наразылық акциясын полиция оқ атып таратқан. Ресми мәлімет бойынша, "Жаңаөзен оқиғасы" кезінде 17 адам көз жұмған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG