Accessibility links

Шымкентте ҰҚК-нің тергеу изоляторында белсенді Ерұлан Әміров "өзіне қол салмақ болған"


ҰҚК абақтысындағы белсенді "суицид жасамақ болған"
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:05 0:00

"Әлеуметтік алауыздықты қоздырды", "терроризмді насихаттады", "тыйым салынған ұйымның қызметіне араласты" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған белсенді Ерұлан Әміров өзіне қол салмақ болғаны хабарланды.Бұл туралы Азаттыққа оның анасы Шарипа Ниязова айтты.

- 20 желтоқсанда тамақ алып барғанда баламның камерада асылып, жанында бірге отырған серігі аман алып қалғанын естідім. Бүгін өзімен жолықтым. Есін толық білмейді, - дейді Әміровтің анасы Шарипа Ниязова.

Шарипа Ниязова баласының психикалық ауруы бар екенін, ресми тіркелмесе де "шизофрения" диагнозы қойылғанын айтады. Оның сөзінше, баласын психиатр дәрігерге көрсетуге рұқсат берілмей жатыр.

Әміровтің өзіне қол салмақ болғанын 22 желтоқсан күні кешке "Ар.Рух.Хақ" қоғамдық қорының жетекшісі, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина да Facebook парақшасында жазды.

Бірақ Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шымкент қалалық филиалы мен тергеу изоляторының кезекші бөлімі Азаттыққа Әміровтің өзіне қол жұмсамақ болғанын жоққа шығарды.

Әміровтің үстінен Қылмыстық кодекстің "Әлеуметтік алауыздықты қоздыру" (174-бап), "Терроризмді насихаттау" (256-бап) және "Тыйым салынған ұйымның қызметіне араласу" (405-бап) бабымен тергеу жүріп жатқалы тоғыз ай болды. Оны 10 күн бұрын Алматыдан Шымкентке әкелген. Ол желіде билікті сынайтын видеолар жариялап жүретін. Видеолардың бірінде "жихад" туралы айтқан.

Шымкент қаласының тергеу соты 10 маусымда Әміровті Алматы облысы Ақтас қаласындағы психиатриялық емханаға жатқызған.

Қазақстандық құқық қорғаушылар Әміровті "саяси тұтқын" деп таныған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG