Accessibility links

Қырғыз-тәжік шекарасында тағы оқ атылды


Қырғызстанның Тәжікстанмен шектесетін Баткен облысында тағы оқ атылды. Әлеуметтік желіде тараған видео авторының сөзіне қарағанда, оқ қырғызстандық жүк көлігінің жүргізушісіне бағытталған.

Қырғызстанның шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, қырғыз азаматы КамАЗ көлігімен Мақсат-Жаштык тас жолы бойымен келе жатқан. Жол қырғыз-тәжік шекарасы маңын көктеп өтеді.

Жол бойында жүргізуші арықтан су алу үшін тоқтаған. Осы уақытта тәжік шекарашылары оның көлігіне отырып алып, Тәжікстан аумағына өтуін талап еткен. Жүргізуші тәжік шекарашыларымен жолға шыққан. Жол бойында жүргізуші өзге көліктің жүргізушісіне өзін тәжік шекарашылары ұстап алғанын айқайлап айтып үлгерген. Осы уақытта тәжік шекарашылары көліктен шыққанда, ол әлі қарай жүріп кеткен. Сол кезде тәжік шекарашылары жүк көлігінің дөңгелегіне оқ атқан. Жүргізушінің өзі аздап жарақат алған.

Тәжікстан тарабы бұл оқиғаға әзірге түсініктеме бермеді.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы шекара қашықтығы 970 шақырым, оның тек 519 шақырымы ғана белгіленген. Өткен айда екі елдің үкімет мүшелері қосымша 40 шақырым бойынша келісімге келгенін мәлімдеген.

Бекітілмеген шекара аймағында жиі дау шығып тұрады. Биыл мамыр айында қарулы қақтығыс болып, екі тараптан да ондаған адам көз жұмып, жүздеген адам жарақат алған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG