Accessibility links

Қаскелеңде "Қазақстан - үлкен түрме" деген акция өткізген жеті белсендіні полиция қамады


Еркін Қазиев жақтастарымен (оң жақта). Архив суреті
Еркін Қазиев жақтастарымен (оң жақта). Архив суреті

Алматы облысы Қаскелең қаласында Еркін Қазиев, Айдар Мүбәрков бастаған бірнеше белсенді Жаңаөзен қаласында өтіп жатқан газ бағасының өсуіне қарсы наразылықты қолдап, "Қазақстан – үлкен түрме" деген қарсылық акциясын өткізді. Еркін Қазиев акцияны әлеуметтік желіде тікелей эфирден көрсетті. Темір тордың ішіне кіріп, өздерін соған байлап қойған бірнеше белсенді "Қазақстан – үлкен түрме!", "Саяси тұтқындар босатылсын!", "Жаңаөзенді қолдаймыз" деп ұрандатып, Қаскелең әкімдігіне қарай шеру жасады.

Біраз уақыттан соң оларды полиция қызметкерлері тоқтатып, темір торды бұзып, белсенділерді ұстап алып кетті. Қазиев және басқа белсенділердің әлеуметтік желідегі жазбаларына қарағанда, полицейлер мен Ұлттық қауіпсіздік қызметі өкілдері темір торды бұзу үшін арнайы қайшы қолданған, жас ағызатын газ шашып, шерушілерді күштеп ұстаған.

Азаттыққа сұхбатында Еркін Қазиев акция өткізген жеті адамды полицейлер Алматы облысы Қарасай ауданы ішкі істер департаментінің уақытша қамау изоляторына алып барғанын айтты. Оның айтуынша, полицейлер белсенділердің ұялы телефондарын тартып алып жатыр.

2 қаңтарда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында газдың екі есе қымбаттауына наразы жұрт көшеге шыққан. Кейін Қазақстанның басқа аймақтарындағы белсенділер де бұған үн қосып, қолдау білдіретіндерін айтқан.

Қазақстанның түкпір-түкпірінде басталған наразылық әлі толастаған жоқ. Ірі қалаларда белсенділерді ұстау, әкімшілік қамауға алу жалғасып жатыр.

Ақтау мен Жаңаөзендегі наразылық. Екінші күн
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:20 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG