Accessibility links

Қазақстанда Orda.kz және ҚазТАГ сайттары ашылмай қалды


Қазақстанда газдың қымбаттауына наразылық өршіген тұста ҚазТАГ агенттігі және Orda.kz ақпараттық сайттары ашылмай қалды.

Orda.kz сайтының бас редакторы Гүлнара Бажкенова Телеграм арнасында бастапқыда сайттың үзіліп-үзіліп істегенін, кейін мүлде ашылмай қалғанын хабарлады.

"VPN арқылы тексеріп көрдік – жұмыс істеп тұр, Ресейдегі таныстарымыз тексерді – ол жақта істеп тұр. Демек, бұғатталған" деп жазды ол.

Orda.kz сайты Маңғыстау облысы мен өзге аймақтардағы наразылықтан үздіксіз ақпарат таратқан.

Сейсенбі күні кешке қарай КазТАГ агенттігінің де сайты ашылмай қалды. Сайт Телеграм арнасында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің сайтта жарияланған Ақтауда полицияның наразыларға күш қолданғаны жөнінде видеоны алып тастауды талап еткенін, агенттікті "жалған ақпарат таратты" деп айыптағанын жазды.

"ҚазТАГ агенттігі наразылық туралы мақаланы өшіруді талап еткен ақпарат министрлігінің талабын орындамағаны үшін ашылмай қалды. Сайт ашылмаса да, ҚазТАГ агенттігі қоғамды алаңдатқан оқиғалардан қолға жетімді құралдар арқылы ақпарат тарата береді. ҚазТАГ халықаралық ақпарат агенттігі ақпарат министрлігінің әрекетін цензура деп бағалайды. Қазақстанда цензураға тыйым салынған" деп жазды агенттік Телеграм арнасында.

Vlast сайты және The Village Қазақстан, "Уральская неделя" сайттары, Телеграмдағы ABZHAN NEWS арнасы ҚазТАГ және Orda.kz сайттарының бұғатталуын сынап, оларды дереу ашуды талап етті.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG