5 қаңтарда күндіз Алматыда мыңдаған наразы полиция шебін бұзып, әкімдік ғимаратына басып кірді. Ақпаратқа қарағанда, жаңа алаңға бірнеше мың адам келген.
Бұдан соң наразылар әкімдікті тұтас иеленді. Іште әкімдік қызметкері бар-жоғы белгісіз. Әкімдіктің есік-терезелері сындырылған.
Күштік құрылымдар наразыларға шулы гранаталар лақтырған. Полицияның адамдарға оқ атқаны да хабарланды.
Біраз уақыттан соң әкімдіктің орталық бөлігі мен алдыңғы жағын өрт шалған.
Ақпаратқа қарағанда, әкімдікке жақын кіші Желтоқсан көшесіндегі прокуратура ғимараты да өртене бастаған.
Vlast сайтының жазуынша, бірнеше мың наразы Алматыдағы президент резиденциясына басып кіруге тырысып жатыр. Айнала түтін, шулы гранаталар мен атыс дыбысы естіледі.
ПІКІРЛЕР