Accessibility links

Жаңаөзенде митингіде тұрған жұрттың басым көпшілігі тарады, алаңда ондаған адам қалды


Жаңаөзенде наразы жұрттың көбі тарады, алаңда ондаған адам қалды
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:49 0:00

8 қаңтарда түстен кейін Жаңаөзен қаласындағы орталық алаңда наразылық білдіріп тұрған жұрттың ортасына қала әкімі Мақсат Ибағаров келіп, халықтың тарауын сұрады. Ол жиынға қатысқандардың ешқайсысы жауапқа тартылмайды деп уәде берді. Әкімнің сөзін қолдаған көпшілік тарап кетті, тек "талабымыз орындалмады" деген топ қаланың орталық алаңында қалып қойды.

Жиынға қатысқандар алаңда бес күннен бері тұрғанын, ешқандай тәртіпсіздік жасамағанын, ешкімнің мүлкін бүлдірмегенін айтып жатты.

Наразы жұрттың арасынан шығып сөйлегендер ішінде әу баста митингіге жиналуға түрткі болған газдың қымбаттауы мәселесі шешілгенін айтып, халықты сабырға шақырғандар көп болды. Сөз алғандар елдің басқа өңірлерінде болып жатқан қайғылы оқиғаларды, кісі өлтіру, бүлдіру тонау сияқты жайттарды еске салып, үйге тарауға үндеді.

Бірақ бұл шешімге көңілі толмаған кей азаматтардың бірі "[президент Қасым-Жомарт] Тоқаев пен [әкс-президент] Нұрсұлтан Назарбаев билеп тұрған жүйе кеткенше тұрамыз деген антымыз бар еді, антты бұздыңдар" деп ренжіді. 40-50 шақты адамнан тұратын бір топ наразылық митингін әрі қарай жалғастыруға уәде етті.

Газ бағасының күрт қымбаттауына байланысты наразылық алдымен 2 қаңтарда осы Жаңаөзен қаласында басталған. Митингіні ең соңғы болып аяқтаған да осы қала болды. Осы күні Ақтаудағы митинг те аяқталды.

  • 2 қаңтарда Жаңаөзенде халық сұйытылған газ бағасының 60 теңгеден 120 теңгеге көтерілгеніне қарсы шыққан. Кейін Жаңаөзендегі наразылықты елдің басқа аймақтары да қолдады. Үкімет Маңғыстау облысында газ бағасы елу теңге болады деп шешім шығарса да, наразылық басылмады.
  • Наразылар елдегі қымбатшылықты айтып, биліктің отставкасын және 1993 жылғы Конституцияны қайтаруды талап қылған.
  • 5 қаңтар түнде Алматыда мыңдаған адам Республика алаңына жиналып, қымбатшылыққа қарсы наразылық білдірді. Полиция оларға қарсы көзден жас ағызатын газ, резеңке оқ, шулы граната қолданды. Елдің басқа аймақтарында да түнде наразылық жалғасты.
  • 5 қаңтар түске таман президент Тоқаев үкімет отставкасын қабылдады. Елдің басқа аймақтарында - Ақтау, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Оралда да наразылық жалғасты.
  • 5 қаңтар түс ауа Алматыда тәртіпсіздік күшейіп, белгісіз адамдар тобы қала әкімдігінің ғимараты мен әуежайға басып кірді. Қала әкімдігінің өртке оранғаны көрінетін видеолар тарады. Алматыда ондаған сауда орындары, дүкендер, банктер тоналғаны хабарланды. Тоқаев 6 қаңтарда Қауіпсіздік кеңесі жиынында Алматыдағы шабуылға "террористік топтарды" айыптады. Бірақ ол айтқан "террористік топтардың" 2 қаңтардан бергі наразылыққа шыққандарға қатысы бар екеніне нақты дәлел жоқ. ​
  • Қазақстан президенті "террористік бандиттер" деп атаған адамдардың кім екені белгісіз. Тоқаев оларды бұлай атауға қандай негіз болғанын, олардың қайдан келгенін, неге мұны "агрессия" деп есептейтінін анық айтпады. Кейінгі күндері Қазақстанда қандай да бір террорлық әрекеттер, әскери операция болып жатқаны жайлы ақпарат айтылмаған еді.
  • 5 қаңтарда елде жағдай ушыққан тұста Тоқаев ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Ұйымға мүше Ресей, Армения, Беларусь Қазақстанға көмекке әскер жіберетіндерін мәлімдеді. 6 қаңтар кешкісін ресейлік әскерилер елге жетті.
  • Билік елде толығымен төтенше жағдай жариялаған.
  • 7 қаңтарда Тоқаев "содырларға оқ атуға бұйрық бергенін" мәлімдеді. Ал 8 қаңтарда ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов "мемлекетке опасыздық жасау" айыбымен ұсталды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG