Accessibility links

Құқық қорғаушылар Қазақстанда ұсталған қырғыз азаматтарын қорғау үшін БҰҰ-ға шағымданады


Алматыда наразылар Райымбек даңғылымен Әшімов көшесіне қарай шеруге шығып барады. 5 қаңтар 2022 жыл.
Алматыда наразылар Райымбек даңғылымен Әшімов көшесіне қарай шеруге шығып барады. 5 қаңтар 2022 жыл.

Қырғызстанның азаптауға қарсы ұлттық орталығы 10 қаңтарда Үйлестіру кеңесінің шұғыл жиналысын өткізіп, Қазақстанда өткен аптада болған оқиғалар кезінде ұсталған қырғызстандықтарды қорғау мәселесін талқылады. Бұл жөнінде Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Жиналыс соңында Жогорку кеңеш пен үкіметке Қырғызстан азаматтары қамауда отырған орындарға мониторинг жасаумен айналысатын арнайы комиссия құру жөнінде ұсыныс жасау туралы шешім қабылданды.

Бұл комиссияға медицина қызметкерлері де кіруі тиіс. Олар Қазақстанда қамауда отырған қырғыз азаматтарын азаптау әрекеттерін дәлелдеу үшін қажет.

Бұған қоса, орталық БҰҰ-ға шағымдануды көздеп отыр.

"Үйлестіру кеңесі БҰҰ-ның азаптау мәселелері жөніндегі арнайы баяндамасына хабар жібереді" дейді орталық өкілдері.

Мәліметке қарағанда, Қазақстанда өткен аптадағы оқиғаларға қатысы бар деген күдікпен ұсталған бес қырғызстандық қамауда отыр. Қырғызстан сыртқы істер министрлігі осыған орай Нұр-Сұлтанға наразылық нотасын жолдады.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі 7 қаңтарда Алматыда Қырғызстанның А.М. есімді азаматы қаза тапқанын растады. Ал қырғыз арнайы қызметі Қазақстандағы оқиғалар кезінде тағы бір қырғызстандық қайтыс болғанын хабарлады.

Қырғызстан омбудсмен институты Шымкентте қырғызстандықтарды ұрып-соққаны туралы мәлімет таратты. Дәл осы қалада 38 қырғызстандық ұсталғаны анықталды. СІМ мәліметінше, оларды тексеруден соң босатқан.

9 қаңтарда Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов ұсталды. Бұл оқиға қоғамда қызу талқыланды. Қырғызстан президенті мен қырғыз арнайы қызметінің басшысы да осыған қатысты мәлімдеме жасады. 10 қаңтарда кешке музыкант Бішкекке оралды.

Қарай отырыңыз: Қазақстан арналары "митингіге Қырғызстаннан келген жұмыссыз адамды" көрсетті. Бұған Бішкек қарсы (9 қаңтар 2022 жыл).

Қазақстан арналары "митингіге Қырғызстаннан келген жұмыссыз адамды" көрсетті. Бұған Бішкек қарсы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:29 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG