Accessibility links

"Исламистер, Түркия һәм АҚШ". Кремлшіл арналар Қазақстандағы оқиғаға кімді айыптап жатыр?


Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде өртенген әкімдік ғимараты. 13 қаңтар 2022 жыл.
Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде өртенген әкімдік ғимараты. 13 қаңтар 2022 жыл.

Ресейдегі билікшіл ақпарат құралдары жұртты Қазақстандағы жаппай наразылық пен тәртіпсіздіктің артында сыртқы күштер мен Батыс тұр дегенге сендіруге тырысып жатыр. Бірақ медиалар айтқан я жазған сөзіне еш дәлел келтірмейді.

Мәселен, журналист Анатолий Вассерман РЕН ТВ сайтындағы блогында Қазақстанда "террористердің одағы, либероидтар және Батыс лаң салғысы келді" деп жазды.

Кремлшіл басқа да журналистер мен тележүргізушілер де Қазақстандағы оқиғаларды сыртқы күштер ұйымдастырды деген идеяны қолдайды.

"Звезда" телеарнасы "Қазақстан мемлекеттік төңкеріске бағытталған гибридтік террорлық шабуылға ұшырады" десе, "Россия 1" арнасы "бұзақылардың әрекеті шетелде басқаралып отырған" деді.

Құқық қорғаушылар Қазақстан билігі елдегі жағдайға сыртқы күштердің араласқанына ешқандай дәлел ұсынбағанын айтады. Бірақ кремлшіл медиа бұл сөздерін расталған әрі нақты фактідей мәлімдеп, "сыртқы күштердің" кім екендерін өздерінше болжап жатыр.

ТАҒЫ ДА МАЙДАН

ҰҚШҰ жиынында Ресей президенті Владимир Путин Қазақстандағы оқиғада "майдандық технология қолданды" деп қалып еді, мұны кремльшіл басылымдар қағып алып, жалғастырып әкетті.

Қазақстан мен Украинадағы оқиғалар мүлде бір-біріне ұқсамайды. Қазақстанда билікке қарсылық елдің көп аймағын қамтыды. Ал Украинадағы 2013 жылғы наразылық Киевтегі бірнеше кварталда өтті. Бұған қоса, Украинадағы Майданның алғашқы аптасы бейбіт түрде болды. Қазақстандағы тәртіпсіздік наразылық бірнеше күннен соң тәртіпсіздікке ұласты. Украинада тонау, ғимараттарды қирату болған жоқ.

Ресейлік медиа Украинадағы Майданға АҚШ-ты айыптап, америкалықтар билікті тайдыру үшін 5 млрд доллар жұмсаған деген еді. Ал Қазақстандағы оқиғаларға "күдіктілердің" тізімі кеңірек.

Мысалы, ТВЦ арнасы Қазақстандағы оқиғаның артында "Вашингтон ғана емес", "Ұлы Тұран идеясының авторы Түркия", "біреудің байлығына көз алартатын Ұлыбритания" тұруы мүмкін деген болжам жасады. Бірақ телеарна бұл сөзіне еш дәлел ұсынған жоқ.

Сонымен Ресейдегі билікшіл телеарналар Қазақстандағы оқиғаға кімдерді "күдікті" деп санайды?

№1 НҰСҚА: НАТО АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТІ

Бұл нұсқа "Звезда" телеарнасында жиі айтып жатыр. НАТО-ны айыптап жатқандарды көбі – арнаға шақырылған сарапшылар. Бірнеше эксперттер еш дәлелсіз наразылықты ұйымдастырғандар НАТО-ның арнайы қызметімен байланысы бар деді.

  • "Звезда" арнасы: Олар әдетте арнайы қызметтерге жұмыс істейді. Арнайы қызметтер НАТО-ның қол астына топтасқан, яғни, олар – түріктің, украиналық, чехиялық, австриялық арнайы күштер.
  • "Звезда" арнасы: Бұл – британиялық барлаушылар. Бұл – Орталыз Азиядағы елдерді бауырлас деп санайтын Түркия.

Ал НАТО Қазақстандағы оқиғаға салмақты пікір білдірді. Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг жағдайды бақылап отырғандарын айтып, зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырды.

№2 НҰСҚА: ШЕТЕЛДІК АГЕНТТЕР МЕН СОРОС

Постсоветтік елдерде конспирологтар филантроп әрі қаржыгер Джордж Соросты пандемиядан бастап көп жайтқа еш дәлелсіз жиі айыптайды. Бұл жолы да Ресейдегі арналар Сорос қорын тағы да сөзбен айыптап шықты.

  • "Россия 1" арнасы: Қазақстанда 22 мың үкметтік емес ұйым бар, олардың үштен екісі шетелден қаржыландырылады. Қазақстан – постсоветтік кеңістікте Сорос қоры жұмысына әлі рұқсат беріп отырған елдің бірі. Сорос қоры Қазақстанда 100 млн доллар жұмсаған, бірақ есепте қайда жұмсағаны көрсетілмеген. Сорос қаржыны Қырғызстан, Армения, Грузия және Украинаға да көп бөлінген. Бұл елдерде көшедегі наразылықтар билікті құлатып тынды.
  • РЕН ТВ: Ұлтшыл ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдарҚазақстанда радикал исламистерның пайда болуына жол ашты. Ал исламистер Алматыдағы және басқа қалалардағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды. Бұл пікірді әскери сарапшы Виктор Мураховский "Известия" басылымына айтты.

№3 НҰСҚА: РАДИАЛ ИСЛАМИСТЕР

Федералдық арналарда Қазақстандағы тәртіпсіздіктердің артында радикал исламистер тұр деген теория да кездеседі. Бұл нұсқаға сенген журналистер мен комментаторлар "Қазақстан билігі көпвекторлы саясатпен көп әуестеніп, радикалдарға қатысты қатаң саясат ұстанбады" деп санайды.

  • "Россия 1" арнасы: Видеода адамдарды "Аллаху акбар" дегенін естуге болады. Айуандыққа бар – исламистік радикалдардың шынайы бет-бейнесі.
  • "1 канал" арнасы: Күштік құрылым өкілдерінің басын кесі – исламистердің айуандығы.
  • "Звезда" арнасы: Күштік құрылымдар басы кесілген екі полицейді тапқан, бұл – террористердің әдісі.
  • "Россия 24": Олар – Сириядан қуылып, Иракка көшкен, кейін Ауғанстанға қоныс аударған террористер. Ауғанстанда тәліптер "ИМ" содырларымен келіспеді. "ИМ" содырлары қайда кетті? Олар шекара арқылы босқын болып өтіп алды. Кейбірін Ауғанстанға қайтарды. Қалғаны тәжіктердің, қырғыздардың, қазақтардың арасына сіңісіп кетті.

Қазақстан билігі де "содырлар" туралы айтқанымен, ешқандай дәлел келтірмеді. "Содырлардың" мәйітін мәйітханадан "ұрлап әкеткені" жайлы айтылды. Бірақ қалай ұрланғаны жайлы да дәлел келтірмеді. Елде мәйітханалардың қирағаны я бүлінгені жайлы да айтылмады.

№4 НҰСҚА: "ДИКИЙ АРМАН"

Ресейлік медиа Қазақстандағы наразылыққа "қылмыстық элементтердің" де "белсенді" қатысқанын сипаттады. Көптеген БАҚ Қазақстан билігі криминал авторитет Арман Жұмагелдиев ("Дикий Арман") мен оның жанындағыларды ұстағанын жарыса жазды.

  • RT: "Саяси амбициясы болмаған" криминал авторитеті "Дикий Арман" Қазақстандағы тәртіпсіздікте қандай рөл ойнады?
  • lenta.ru: Криминал авторитет "Дикий Арман" Қазақстандағы наразылықтың лидеріне айналды?
  • "Россия 24" : Арман Жұмагелдиев. Ол – танымал "Дикий Арман". Криминал авторитет. Ұлтшыл ұйымдарды қаржыландырды. Пандемия қысқан кезде тұрмысы төмен адамдарға тегін дәрі-дәрмек таратып, солардың сеніміне енді. Міне енді керек кезде сол адамдарды өз қажетіне пайдаланды.

Ресейлік медиа Жұмагелдиевті неге наразылық лидері деп атағаны түсініксіз. РЕН ТВ "Дикий Арман наразылықты басқарып, жиналғандарға митинг орнынла штаб құрып, киіз үй тігуді ұсынды" дейді. Ал "Московский комсомолец" басылымы "криминал авторитет Арман наразыларға қайырылып, көшедегі зорлық-зомбылықты айыптады" деп жазды.

Қазақстандағы наразылық пен тәртіпсіздікке не түрткі болса да бұл оқиға тәуелсіз елдің тарихында ең қанды оқиға болып қалмақ. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіпсіздік кезінде "террористерге" арнайы операция жариялаған. Бірақ Тоқаев "террористердің" есімін нақты атаған жоқ.

Елде қаңтардағы оқиғада кемі 225 адам қаза тауып, мыңдаған адам зардап шекті. Ресми дерек бойынша, 10 мыңға жуық адам ұсталды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG