Accessibility links

Атырауда өрт сөндірушілер ереуілден соң талаптарына қол жеткізді 


Атырау облысы Мақат ауданында "Интергаз Орталық Азия" компаниясына мердігер мекеме өрт сөндірушілері наразылық білдіріп тұр. Қаңтар 2022 жыл.
Атырау облысы Мақат ауданында "Интергаз Орталық Азия" компаниясына мердігер мекеме өрт сөндірушілері наразылық білдіріп тұр. Қаңтар 2022 жыл.

22 қаңтарда Атырау облысы Мақат ауданындағы «Интергаз Орталық Азия» компаниясына мердігер «БатысСервисПлюс» мекемесінің өрт сөндірушілері жалақыны өсіру туралы талаптарының ішінара орындалғанын хабарлады.

«БатысСервисПлюс» мекемесінің өрт сөндірушісі Сәлімбай Жұбанғалиевтың айтуынша, жұма күні кешке қарай мекеме басшылығы мен «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы өкілдері келіп, жиналыс өткізген.

– Бізге жалақыны 30 пайызға көтеретін болды. 120 мыңға жеткізуді талап еткенмен жұмыс беруші ондай ақша төлей алмайтындарын айтты. Ары-бері әңгімеден соң соған келісіп, бірден келісім-шартқа қол қойдық. Кешке қарай жұмысқа шықтық, - деп хабарлады ол Азаттыққа.

Азаттық тілшісі компания басшылығынан да жауап алуға тырысып жатыр.

«БатысСервисПлюс» мекемесінің Атырау облысының Мақат ауданындағы бөлімшесінің 17 өрт сөндірушісі жұма күні жалақыны көтеруді талап етіп, жұмысқа шықпаған еді. Олар жалақыларының 2012 жылдан бері өзгермегенін, қолдарына 60-65 мың теңге алатындарын айтып шағымданған. Еруілдеген өрт сөндірушілер жұмыстарынң қауіпті екенін, еңбек жағдайының да нашарлығын айтқан.

«БатысСервис Плюс» мекемесінің Мақаттан бөлек Атырау облысында Атырау қаласында, Құлсары қаласы, Индер, Құрманғазы, Исатай аудандарында өрт сөндіру бөлімшелері бар. Ол «ИнтергазОрталық Азия» акционерлік қоғамының мердігері.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG