Accessibility links

"Қазатомөнеркәсіп" компаниясының бұрынғы басшысы Ұлттық банк төрағасы болды


Ұлттық банк.
Ұлттық банк.

3 ақпанда сенат Ғалымжан Пірматовты Ұлттық банк төрағасы етіп тағайындауға келісті.

Пірматовтың кандидатурасы бейсенбі күнгі сенат отырысында мақұлданды. Оның кандидатурасын президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған.

Пірматовтың өзі сенат отырысына келмеді. Президент әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов оның коронавирусқа шалдыққанын айтып, бағдарламасын кейінірек таныстыратынын жеткізді.

Бейсенбі түске қарай Ақорда Пірматовты Ұлттық банк төрағасы етіп тағайындау туралы жарлықты жариялады.

49 жастағы Ғалымжан Пірматов 2017 жылдың тамызы мен 2021 жылдың қыркүйек аралығында "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясын басқарған. Оған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары болған. 2009 жылдан бері "БТА банкі" басқарма төрағасының орынбасары, "Қазатомөнеркәсіп" компаниясының экономика және қаржы мәселелері бойынша вице-президенті, экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі сияқты лауазымды қызметтер атқарған. Ресей мен АҚШ-та білім алған.

Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Ерболат Досаев 31 қаңтарда Алматы қаласының әкімі болып тағайындалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG