Accessibility links

Қырғыз құқық қорғаушылары отандастарын қолдау үшін Қазақстанға барды


Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандардың туыстары прокуратура алдында тұр. Алматы облысы, ақпан айы 2022 жыл.
Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандардың туыстары прокуратура алдында тұр. Алматы облысы, ақпан айы 2022 жыл.

Қырғызстанның Омбудсмен институты мен Азаптаудың алдын алу ұлттық орталығының өкілдері 8 ақпан күні Қазақстандағы азаматтарының құқығын қорғау үшін көрші елге барды.

9 ақпанда қырғыз құқық қорғаушылары Алматы қаласы прокурорының орынбасары Нұрлан Ауғанбаевпен кездескен. Ол Алматыда ұсталғандардың ішінде қырғыз азаматтары жоқ екенін айтқан. Бірақ Шолпонбек Сыдықов пен Викрам Рузахуновқа қатысты тергеу ісі жүріп жатқанын жеткізген

Құқық қорғаушылар 10 ақпанда Тараз қаласына баратынын хабарлады. Онда қазір тергеу абақтысында екі қырғыз азаматы отыр.

Бұған дейін қаңтар дүрбелеңінде Қырғызстанның кемінде он азаматы ұсталғаны хабарланған. Кейін олардың бәрі босатылған. Бұдан бөлек екі қырғыз азаматы қайтыс болды. Ұсталғандардың ішінде қырғыз музыканты Викрам Рузахунов та болған.

Алматыда азапталған, кейінірек еліне жеткізілген Шолпонбек Сыдыковқа операция жасалған. Оның аяғы, қабырғалары сынған. Миына зақым келген. Қырғызстан жағы Қазақстанға наразылық нотасын жолдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG