Accessibility links

АҚШ Әзербайжан мен Беларусті коранавирус жұқтыру қаупі өте жоғары елдер тізіміне қосты


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Аурудың алдын алу және бақылау жөніндегі АҚШ орталығы 14 ақпанда Әзербайжан мен Беларусті коронавирус жұқтыру қаупі өте жоғары елдер тізіміне қосты.

Бұл орталық АҚШ азаматтарына тізімдегі елдерге барудан тартына тұру, аса қажет болған жағдайда вакцина мерзімін тексеріп алу жөнінде кеңес берген. COVID-19 қаупі аса жоғары төртінші деңгейге жеткен елдер ішінде Оңтүстік Корея да бар. Қазақстан бұл тізімде "жұқтыру қаупі белгісіз" елдер санатында тұр.

Өткен айда Канадада шекара асатын жүк көліктерінің жүргізушілерінен вакцина талап ету жөніндегі бастамаға байланысты қарсылық туындағанда премьер-министр Джастин Трюдо бұл заңды төтенше жағдайда енгізуге дайын екенін мәлімдеген. Корнавирус инфекциясына байланысты шектеулерге қарсылық кезінде Канада астанасының бірқатар аудандарын демонстранттар жауып тастаған.

"Мұндай әрекеттер экономикамызға нұқсан келтіріп, қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіреді" деді Трюдо. Канаданың 10 провинциясының төртеуінің басшысы мұндай бастаманың қажеттілігі жоқ деп санайды. Төтенше шара қолдануды Канада парламенті жеті күн ішінде қарауға тиіс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG