Accessibility links

Путин Донбаста арнайы операция бастауға бұйрық берді. Украинаның кейбір қалаларында жарылыс болғаны хабарланды


24 ақпанға қараған түні Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік телеарналардан мәлімдеме жасап, Ресей армиясының Украина әскерімен соғысатынын хабарлады.

"Мен арнайы әскери операция бастау туралы шешім қабылдадым. Оның мақсаты – сегіз жыл бойы Киев қорлық көрсетіп, геноцид жасап келген адамдарды қорғау. Бұл үшін біз Украинаны демилитаризация мен денацификация жасауға, оған қоса бейбіт тұрғындарға, соның ішінде Ресей федерациясы азаматтарына да қарсы көптеген қанды қылмыс жасағандарды сотқа тартуға тырысамыз" деді Путин.

Ақпарат құралдары Украинаның кейбір қалаларында жарылыс болғанын хабарлап жатыр.

Қазақстанның Киевтегі елшілігінде отырған кезекші Киев уақытымен таңертеңгі сағат бесте Азаттық тілшісіне қалада жағдай тыныш екенін хабарлады.

"Елшілік қызметкерлері эвакуацияланған жоқ. Орталықтан (Нұр-Сұлтан) хабар күтіп отырмыз" деді ол.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров 24 ақпанда таңертең елшілік қызметкерлерін эвакуциялау мәселесін қарастырып жатқанын айты.

– Қазір ойластырып жатырмыз. Ол үшін ұшақ дайындау керек. Қазір ұшақтар ұшып жатқан жоқ. Қазір жүгіріп жүрміз, – деді ол Азаттық тілшісіне.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанның консулдығында уақытша тіркеуде 517 адам, тұрақты тіркеуде 1113 адам тұр. Олар негізінен Киев қаласы, Киев, Одесса, Харьков, Львов облыстарында тұрады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG