Accessibility links

Қазақстанда айырбастау пунктерінде доллар шарықтады

Ресей Украинаға қарсы әскери шабуыл бастағаннан кейін Қазақстанда теңге бағамы күрт құлдырап кетті. Ақша айырбастау пункті қасындағы электрон таблода АҚШ доллары 474 теңгеден сатылатыны жазылған. Алматы, 24 ақпан 2022 жыл.

Нұр-Сұлтан уақытымен таңертеңгі сағат 11:45-тер шамасында Алматыда айырбастау пунктерінде доллар бағамы 463-465 теңге аралығында сатылып жатты.

Kurs.kz сайтындағы мәліметке қарағанда, Алматы мен Нұр-Сұлтанда кейбір айырбастау пунктерінде доллар сату тоқтатылған.

"Интерфакс-Қазақстан" агенттігі Қазақстан айырбастау пунктері қауымдастығының президенті Арчин Ғалымбаевтың "қазір долларды қандай бағаммен сату қажеттігі жөнінде ортақ түсінік жоқ" деген пікірін келтірді.

Қазақстан қор биржасы (KASE) 24 ақпан таңғы 11:30 уақытында 1 долларды 452 теңгеге бағалады. Санаулы күн бұрын Қазақстан валютасының долларға шаққандағы құны 428-430 теңге аралығында болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG