Accessibility links

Ресей 50 мемлекетті өзіне дос емес елдер тізіміне қосты. Оларға қарызын рубльмен қайтармақ


Ресей үкіметі Ресейге дос емес елдер тізімін жасады. Тізімде АҚШ, Украина, Еуропа одағы елдері мен Ұлыбритания, Канада, Жапония, Швейцария секілді барлығы 50 ел бар.

Үкімет шешімі бойынша, Ресей компаниялары мен азаматтары бұл елдерге әртүрлі қарызын рубльмен қайтаруына болады.

Дос емес елдердің компанияларымен жасалатын барлық келісімдерді шетел инвестициясын бақылайтын арнайы комиссия мақұлдауға тиіс дейді Ресей үкіметінің баспасөз қызметі.

Бұрын дос емес елдер тізімінде АҚШ пен Чехия ғана бар болатын. Оның өзі былтыр мамыр айында белгіленген.

"Дос емес елдер" термині Ресей заңында алғаш рет 2021 жылдың сәуір айында пайда болған. Ол кезде президент Владимир Путин жарлық шығарып, аталған елдердің азаматтарын сол елдегі Ресей дипломатиялық өкілдігіне жұмысқа алуға тыйым салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG