Accessibility links

Атырауда атыс кезінде кемінде үш адам қаза болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

15 наурызда түнгі сағат ондар шамасында Қазақстанның батысындағы Атырау қаласында аялдамалардың бірінде атыс болды. Оқиға кезінде екі жігіт оққа ұшып, үшіншісі ауыр жараланған. Бұл жөнінде "Ақ Жайық" сайты жазды.

Басылымның хабарлауынша, шабуылдаушы автоматпен оқ атқан. Қала төңірегіндегі Еркінқала елді мекенінің 27 және 22 жастағы екі тұрғыны оқиға орнында қаза болған. Басына оқ тиген 26 жастағы жігіт облыстық аурухананың реанимациясына жеткізілген. Басылымның жазуынша, аялдамаға жақын жерден оқ тиген тағы бір адамның денесі табылған.

Әзірге толық емес мәлімет бойынша, шабуылдаушы жасырынып үлгерген. Полицияның оны іздеп жатқаны айтылады. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

"Ақ жайықтың" жазуынша, бұл оқиға жуырда түнгі клубтардың бірінде болған төбелеске қатысы болуы мүмкін.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG