"ӨЗГЕ ЕЛДЕ ӨЛУДЕН ҚОРҚАМЫН"
– Украинаға барып, қарулы күштерінің аумақтық бөліміне қосылғыңыз келеді. Қазір Түркияда не істеп жүрсіз?
– Түркия – транзит амалы. Менің мақсатым Ресей Федерациясынан мейлінше тез кету болды. Менің құжаттарым Украинаныкі, көзқарасым да украинашыл, ал Ресейді бізді қудалай бастады. Ресей аумағынан ең жылдам дегенде шыққаным осы. Осында келдім. Отаныман Еуроодақ арқылы баруды ойлап отырмын. Жоспарым – осы.
16 наурыз күні Украинаның Стамбулдағы елшілігінде болдым. Ол жерде маған әскерилер мен еріктілер жеткілікті, оның үстіне шетелден кәсіби әскери адамдар елді қорғауға келе жатыр деді. Мен әскери дайындықтан өтпеген, соғыстың төртінші аптасында әлі отанына жете алмай жүрген қарапайым азаматпын. Бірақ сол жақта болуым керек екенін сеземін.
– Украинаға жете алсаңыз, не үшін соғысар едіңіз?
– Ресейде аяғы ауыр болашақ жарымды қалдырып кеткенімді түсініңіз. Ал інім 24 ақпаннан бері Киев орталығындағы аумақтық қорғаныс тобында, осы оқиғалардың қақ ортасында. Мен тек өз мемлекетімнің мүддесі мен аумағы үшін, халқым үшін соғысамын және Украина халқына қарсы геноцидті тоқтату үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Өзіне тиесілі еместі басып алуға келген, рухы сөнген Ресей әскеріне қарсы соғысамын.
– Адам өлтіруге дайынсыз ба? Сіздіңше, Ресей әскери қызметкерлері адамдық танытуға, есіркеуге лайық па?
– Меніңше, адам биологиялық жаратылысынан өзге адамды оп-оңай өлтіре алады. Соғыс алаңында жүрсем, адам өлтіру қажет болса, ойланбас та ма едім. Менің түсінігімде адам өзі берілсе, оны тұтқынға алу керек, өлтіру қажет емес. Ол жақтағыны өз көзіммен көрмедім, бірақ Ресейдің тірі сарбаздарын жауап алу үшін, қажет болса кейінірек тұтқын алмасу үшін аман алып қалу керек. Ал егер адам берілмесе, оны ойланбастан өлтіру қажет, өйткені ол сенің жеріңе сенің халқыңның қанын төгу үшін келді.
– Өлімнен қорқасыз ба?
– Әрине. Мен өзгенің жерінде, өзгенің көзқарасы үшін өлуден қорқамын. Кез келген адам сияқты өлім дегеннен жалпы қорқамын. Бірақ реті келсе, оған қорқынышпен емес, түсіністікпен және құрметпен қарау керек.
– Ал отбасыңыз соғысқа аттану туралы шешіміңізге қалай қарады?
– [Жүретін] қызымның кетіп қалғаныма қалай қарағанын түсіндірмей-ақ қояйын, себебі ол оқиға әлі аяқталған жоқ: мен әлі Украинаға жеткен жоқпын, ал ол Ресейден әлі шықпады, жағдай сағат сайын өзгеріп жатыр. Анама келсек, 24 ақпан күні бір-бірімізден теріс айналдық. Оның өз көзқарасы бар және ол інім екеуміздің көзқарасымызбен сәйкес келмейді. Ол ақылы жоқ орыстың ұстанымына бекінді. 2014 жылы ол Луганскіден қашқан босқын ретінде Ресей паспортын алды, ол кезде "ЛХР" дейтін аумақта әскери қимылдар мейлінше аз еді.
"ДОНБАСС РЕСЕЙГЕ ҚАЖЕТ ЕМЕС"
– Қазір соғысқа қарсы шыққан ресейліктердің бәрінен "сегіз жыл бойы қайда болдың?" деп сұрайды. Луганск тумасы ретінде бұл сұраққа қалай жауап берер едіңіз?
– Донбасстағы соғыстың жылдам аяқталмайтынын 2014 жылы-ақ түсінгенмін. Ресейге Қырым аздық етті. Қырымды Донбасстағы соғыспен жапты, осы соғыстың тұтануына барлық жағдайы жасады. Мұны Ресей Федерациясының президенті жасады. Мен үшін ол адам емес, ол – қазіргі заманның Гитлері. Тіпті одан жаман. Гитлердің идеологиясы болды, ал Владимир Путин – арсыз адам, өз халқын тонаумен шектелмей, "арнайы операция" деген желеумен өз елді де тонағысы келеді
– Киевтің Донбасстағы соғысты тоқтатуға мүмкіндігі болды ма?
– Киев үшін жауап бере алмаймын. Кейінгі сегіз жылда Украина қазіргі жағдайға дайындалғанын жақсы түсінемін. Бірақ айтарым, Донбасс аумағында тұрғанымда жергілікті билік, жергілікті халық жасағы мені хайуандай көретін, Ресей сарбазының қылығын істейтін. Бұл – орнатқан ережесі үшін ешқандай жаза болмайтынын сенімді варварлар еді. Сол үшін де мен осы сегіз жылда ол жақта аз тұрдым. Белгілі бір жағдайларға байланысты 2018-2020 жылдары ғана болдым. Сол кездегі "республикадағы" өмірдің қандай екенін көрдім: гуманитарлық кризис еді, сағат 9.00-ден бастап 19.00-ге дейін су болмайтын, сегіз жыл бойы комендант сағаты болды, күш құрылымдары білгенін істеді, демократия болмады. Онда қалған адамдардың рухы сөнген. Себебі олар Ресейде орнын таба алмады, ал Киевке ешкім шақырмады. Олар осы күйде өз үйлерінде адамдығын сақтап қалуға тырысып әлек. Қолынан келгені 2014-2015 жылдары не Ресейге, не Киевке қарай кетті, гривна қолданыста болмайынша оралмайтынын айтты.
– Донбасстағылар Ресей әскерін қолдай ма? Әлде жай ғана соғыстың тезірек аяқталғанын қалай ма?
– Ресейде сөз еркіндігінің түбіне жетіп жатса, Донбасста ол болмаған да. "Республика" ұнамайды деу Украина ұнайды дегенмен бірдей. Мұндай сөзден кейін мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің жертөлесінен бір-ақ шығып, азаптауға ұшырауыңыз мүмкін.
Ол жақта белгілі бір уақыт бойы қызмет көрсету саласында жұмыс істеп жүріп, байды да, тақыр кедейді де көрдім. Луганскіде тұратындар арасында ақшасы барлардың көбі – не халық жасағының мүшелері не бизнесі бар адамдар. Қалғандарының менің қызметіме ақшасы жетпейтін. Мен халық жасағымен жұмыс аясында кездеспеуге тырыстым, бірақ оны әрдайым алдын ала біле бермейсің. Адамдар Украина құрамына қайта оралатынына сенбейтінін, Ресейдің Донбассты бақылауға алғанын талай айтатын. Олар жаңа әскери қимылдардан қорқады, оларда Донецк, Луганск және Қырымды қайтару жөнінде сенім мүлдем жоқ.
Халық жасағына қатысы бар адамдарға келсек, олар маған "біз – болашақ Ростов облысымыз, біз Ресей құрамындағы қала боламыз" деп жиі айтатын. Бұл – ессіздік. Олар Донбасстың Ресейге қажет те емес екенін жақсы түсінеді. Донбасстағы соғыс назарды Қырымнан өзге жаққа бұру үшін қажет болғанына сенімдімін. Сегіз жылдан кейін өзін өзі алып жүре алмайтын екі "республиканы" көрдік. Адамдар жымырылып жатыр, медицина мүшкіл, банк жүйесі жоқ, білім жоқ. Ресейлікте Қырымға барады, неге бірде-бір орыс осы сегіз жылдың ішінде Донецкіге не Луганскіге демалуға бармады?
"ӨЗІМДІ КІНӘЛІ САНАЙМЫН"
– Аумақтық қорғаныс құрамына кірсеңіз, не істейсіз? Қандай жағдай күтесіз?
– Мен енді аумақтық қорғаныс жауынгері бола алмаспын. Жаңа шақырылған сарбаз болармын, қандай да бір жаттығудан өтермін, соған үміттімін. Осы бір сапарымда адамдар маған соғысқа жете алмауымды, соғыстың оған дейін аяқталғанын тіледі. Солай болса да, шекараға жетіп, халқымның алдында тізерлеп тұрып кешіккенім үшін кешірім сұрағым келеді. Өйткені қазіргі жағдайда ақталудан басқа сөз таба алмаймын.
– Өзіңізді кінәлі санайсыз ба?
– Елімнің алдындағы парызымды орындай алмағандаймын, өйткені қазір украиналықтар қиналып отыр, ал мен ол жақтан табыла алмадым. Сүйіктімнің жүкті болуы мені біраз тоқтатты. Өзімді кінәлі санаймын. Соғыстың алғашқы күндері жүйкем жұқарды, басым ауыратын болды. Донбасс аумағында қандай да бір қимыл болатыны топшыладым, бірақ толыққанды басып кіру, бейбіт елдімекендерге шабуылдау, Ресейден бойын алыс ұстап Еуропалық одаққа кіргелі отырған елге басып кіру ойыма кірмеді.
– Егер соғыста қаза тапсаңыз, туыстарыңызға, қалыңдығыңыз бен сәбиіңізге кім қарайды?
– Қазіргі жағдайда бұл тұрғыда қолымнан келетін нәрсе барына сенімді емеспін. Әрекеттерім соншалық қисынды емес екенін түсінемін, бірақ халқың бірнеше күн қатарынан опат болып жатқанда салмақты ойлау қиын екен. Бейбіт тұрғындар ғана емес бәріне жаным ауырады. Қазіргі жағдайдың қасында Донбасстағы соғыс ойыншық болып қалады. Ресейдің жасап отырғанын кешіру мүмкін емес, украиналықтар мұны ешқашан кешірмейді.
ПІКІРЛЕР