Accessibility links

Украина мен Ресей өкілдері Түркияда жүзбе-жүз кездеседі


Украина мен Ресей өкілдері кездескен сәт.
Украина мен Ресей өкілдері кездескен сәт.

Украина мен Ресей өкілдері 28 наурыз бен 30 наурыз аралығында Түркияда жүзбе-жүз кездеседі. Бұл ақпаратты Киев өкілі Давид Арахамия таратты, Мәскеу өкілі Владимир Мединский де растады.

Екі тарап Түркияда кездесуге кеше уағдаласқан.

Түркия президенті Реджеп Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің келіссөзді Стамбулда өткізуге мақұлдасқаны кейіннен белгілі болды. Мұны түрік президентінің кеңсесі хабарлады. "Әңгіме кезінде президент Ердоған жанжалды тоқтатып, Ресей мен Украина арасында тезірек бітім жасау керектігін айтты",- дейді Анкара мәлімдемесінде.

Украина мен Ресей өкілдері алғаш рет Беларусь жерінде жүзбе-жүз кездескен. Онан кейінгі кездесулерде де екі жақ мәмілеге келе алмаған.

24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путиннің жарлығымен Ресей әскері Украинаға басып кірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG