Accessibility links

Жаңаөзенде жұмыс беруді талап етіп, аштық жариялаған әйел әкімдік алдына қонып шықты


"Баламды мұнай саласына жұмысқа алсын!" Жаңаөзенде аштық жариялаған әйел
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:42 0:00

30 наурызға қараған түні Жаңаөзен қаласында мүгедек бала тәрбиелеп отырған екі баланың анасы Амангүл Жаппасова әкімдік алдына түнеп шықты. "Өзенмұнайгаз" компаниясының бұрынғы жұмысшысы биліктен мұнай-газ саласынан жұмыс тауып беруді талап етіп отыр. Ол бір күн бұрын осы талабын айтып, мерзімсіз аштық та жариялаған. Ол қазір тек су ғана ішеді.

Әкімдікке көрпе-жастығымен келіп, табалдырықта қонып шыққан әйел түннің суық болғанын, аяқ-қолы қатып қалғандықтан дұрыс қозғала алмай отырғанын да жеткізді. 2009 жылдан бері жұмыссыз ретінде тіркелген әйел бұдан басқа амалы қалмағанын айтады.

"Кеше (29 наурыз) қала прокуроры, қала әкімінің орынбасары келіп "мұныңыз не, бұл заңсыз шара" деп мені кетіруге тырысты. Бірақ талабым орындалмайынша бұл жақтан кетпеймін" деді ол Азаттыққа.

Азаттық тілшісі әзірге жергілікті әкімдіктен жауап ала алмады.

Жаңаөзен қаласында қаңтардың соңынан бері жүздеген адам мұнай-газ саласынан жұмыс тауып беруді талап етіп, жергілікті әкімдік алдында наразылық акциясын өткізген. Амангүл Жаппасова да сол наразылардың қатарында болған. Бірақ кейін тұрғындар қысымның салдарынан наразылықты тоқтатуға мәжбүр болған.

Осыған дейін Жаңаөзен билігі қалада жұмыссыздар саны 10-11 мыңға жететінін мойындаған.

Жаңаөзендегі жұмыссыздар талабын орындау үшін жергілікті билік 161 жұмыс орнын ұсынып, наурыз айынан бастап тағы да 400 жұмыс орнын ашуға уәде берген. Билік ұсынған жұмыс орындарына кейбір қала тұрғындары орналасқан.

Жаңаөзен тұрғындары жұмыссыздық проблемасын бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. 2016 жылы жұмыссыздықты жоюды талап етіп шыққан қала жастарын полиция қуып таратқан еді. Оның лидері Ержан Елшібаев бес жылға түрме жазасына кесілген. Жергілікті құқық қорғаушылар оны "саяси тұтқын" деп атаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG