Accessibility links

"Дәрігерлер арасында хирург-онколог бар". Путиннің денсаулығына қатысты зерттеу жарияланды


Ресей президенті Путин кейінгі уақытта оқшауланып, жиындардың көбін видео байланыспен өткізетіні байқалады.
Ресей президенті Путин кейінгі уақытта оқшауланып, жиындардың көбін видео байланыспен өткізетіні байқалады.

Ресей президенті Владимир Путин онкологиялық аурударды емдейтін хирург дәрігерлерге бірнеше рет қаралған. Бұл туралы "Проект" жобасының зерттеуінде жазылған. Жоба тілшілері Путиннің жанында жүретін дәрігерлердің тізімін қолға түсірген.

"Путиннің жанында Орталық клиникалық аурухананың қызметкері Евгений Селиванов ылғи жүреді. Ол Путинмен Сочиге кемі 35 рет ұшып барған" деп жазылған зерттеуде.

"Проект" Селивановтың зерттеу тақырыбы егде жастағы адамдардың қалқанша безі қатерлі ісігін хирургиялық емдеу екенін атап өткен.

"Проект" зерттеуінде Путиннің қандай да бір дертке шалдыққаны я қандай да бір диагноз жазылмаған. Бірақ журналистер Путинге кемі екі рет арқасына операция я күрделі процедура жасалуы мүмкін деп топшылайды. Емдеу процесі Путин жұрт алдынан көрінбей кеткен кезбен сай келуі мүмкін дейді тілшілер.

Зерттеуде Селивановтан бөлек Путинмен бірге Сочиге отоларингологтер (тамақ, құлақ, мұрынды емдейтін дәрігерлер) Алексей Щеглов пен Игорь Есаков та көп келген.

Бұдан бөлек, "Проект" журналистері Путин Алтайға барғанда бұғы мүйізінің қаны құйылған ваннаға түсуі мүмкін деп жазады.

Зерттеу жүргізгендер Путиннің былтыр қыркүйекте аяқ асты оқшауланғанын, одан кейін ол әлем лидерлері я үкімет мүшелерімен кездескенде өте алыста отыратынын аңғарған.

Путиннің баспасөз хатшысы Песков "Проект" зерттеуін "ойдан шығарылған" деді.

Қалқанша безі қатерлі ісігі онкологиялық аурулардың ішінде емдеуге болатын дерттің қатарында.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG