Accessibility links

Қытай Ресейді айналып өтіп, Германияға темір жол бағытын ашты. Жолдың біраз бөлігі Қазақстаннан өтеді


Қытай Германияға темір жол бағытын ашты. Бұл бағытпен немістің Мангейм қаласына дейін баруға болады деп жазады Сhina.org үкімет порталы.

Жаңа темір жол бағыты Қазақстан, Әзербайжан, Румыния, Венгрия, Словакия және Чехия арқылы өтеді. Каспий және Қара теңізді темір жол және теңіз тасымалдаушылар арқылы кесіп өтеді. 13 сәуірде бұл бағытпен Сиань қаласынан спорт тауарлары жүктелген бірінші пойыз жүрді.

Наурыз айының басында "Ведомости" газеті бірнеше дереккөзге сілтеме жасап, Қытай Ресей арқылы Еуроодаққа жүк тасымалдауды доғарды деп хабарлаған.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, Батыс елдері Мәскеуге санкция салған. Шетел компаниялары Ресейден жаппай кетіп жатыр.

Бүгінгі күнге дейін 750-ден астам шетел компаниясы Ресей нарығында жұмысын тоқтатқан. Олардың арасында Қытайдың мемлекеттік "Синопек" компаниясы да бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG