Accessibility links

Тоқаевтың Мәскеудегі әскери парадқа шақырылмайтыны айтылды


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі парадта. 9 мамыр 2020 жыл.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі парадта. 9 мамыр 2020 жыл.

Ресей президенті Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бүгінгі брифингінде Кремль 9 мамырда Мәскеуде өтетін парадқа шетелдік лидерлер шақырылмайтынын айтты.

Брифингте РИА Новости агенттігінің журналисінің «Путин бүгін [Қазақстан президенті] Тоқаевпен сөйлескенде оны 9 мамырда Мәскеудегі парадқа шақырды ма?» деп сұрағанда Песков:

«Жеңіс күніне біз шетелдік лидерлерді шақырмаймыз. Бұл – дөңгелек дата емес. Бұл – біздің мереке, бұл – бүкіл Ресей мен ресейліктер үшін қасиетті мереке. Бірақ шетелдік лидерлерді шақырмаймыз. Менің білуімше, Лукашенконы да шақыру жоспарланбаған» деді.

Кремль 9 мамырда Мәскеуде Жеңіс күніне орай әскери парадқа дайындалып жатыр. Бұл әскери шеру Украинадағы соғыс тұсында өтпек. Батыс барлаушылары наурызда «Кремль 9 мамырға дейін Украинадағы соғыста қандай да бір жетістікке жетуді жоспарлайды» деген еді. Бірақ Ресей әскерилері Киев маңында айтарлықтай жетістікке жете алмай Донбассқа қарай ауысқан. Ұлыбритания қорғаныс министрлігі «Ресей әскерилері Донбасста да айтарлықтай жетістікке жете алмай жатыр» дейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG