БҰҰ Жоғарғы комиссары босқындар ісі жөніндегі басқармасының мәліметінше, 24 ақпан 1 мамыр арасында Украинадан 5 млн 539 мың адам кеткен. Олардың үш миллионы Польшаға, 826 мыңы Румынияға, 681 мыңы Ресейге шыққан.
Мариупольден бейбіт тұрғындарды эвакуациялау басталды
Мариуполь мэрінің кеңесшісі Петр Андрющенко Азаттықтың Украина қызметіне қаладан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау басталды деп мәлімдеді.
Оның сөзінше, автобустар тұрғындарды Мангуш және Бердянск елдімекендеріне жеткізуі тиіс. Сондай-ақ колоннаға өз көліктерімен де адамдар қосыла алады.
Андрющенко Мариупольден Запорожьеге шығып, жолда тұрып қалған тұрғындар да бүгін 2 мамыр кеш бата я ертең, 3 мамыр таңертең Запорожьеге жетуі тиіс деді.
Соғыс уақытында мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздерден тексеру қиын.
1-2 мамырда Украинаның Мариуполь қаласынан бейбіт тұрғындар эвакуациялана бастады. 1 мамырда "Азовсталь" зауытының ішінен жүзге жуық адам шығарылды. Бұдан бөлек, қаланың өзінен де біраз адам эвакуацияланып жатыр.
Киев облысы полициясы 101 мародерді ұстағанын, тағы 42 адамға Ресейге көмектесті деген күдікке ілінгенін хабарлады. Бұл адамдар қанша күнге қамалғанын полиция айтпады.
ПІКІРЛЕР