Accessibility links

Жыл басынан бері 4,5 мың қандас Қазақстанға оралған


Шыңжаңнан келген 20 қазақ отбасының бір бөлігі. Алматы, 22 сәуір 2022 жыл. Оқырман жіберген сурет.
Шыңжаңнан келген 20 қазақ отбасының бір бөлігі. Алматы, 22 сәуір 2022 жыл. Оқырман жіберген сурет.

2022 жылдың 1 мамыр күнгі жағдай бойынша, жыл басынан бері өзге елдерден 4 502 қазақ Қазақстанға оралып, қандас мәртебесін алған. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында айтылады. 1991 жылдан бері шетте жүрген 1 миллион 92,4 мың қазақ тарихи отанына оралған.

Биыл қандастардың көбі Өзбекстаннан (68,2%) келген. 9,8% – Қытайдан, 10,4% – Түрікменстаннан, 2,6% –Моңғолиядан және 9,2% басқа елдерден келген.

Олар негізінен Алматы, Маңғыстау, Түркістан және Жамбыл облыстарына, сонымен бірге Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына қоныстанған.

Ақпаратқа қарағанда, биыл келгендердің 63 пайыздан астамы – еңбекке жарамды, 23%-ы – еңбекке қабілетті жастан кіші , 13,9 пайызын зейнеткерлер құрайды.

Еңбекке қабілетті қандастардың 10,9%-ының жоғары білімі бар. 40,7% пайызының орта кәсіби білімі бар. 46,6%-ы - орта білімді. Шамамен 1,7%-ының білімі жоқ.

Елде қандас мәртебесі бір жылға дейін жарамды. 2020 жылы мамырда көшi-қон мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзіліп, бұған дейін "оралман" аталып келген этникалық қазақтар "қандас" деп аталатын болған. Бірақ оралмандар бұл өзгерістер азаматтық алу процедурасын жеңілдетпеді деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG