Accessibility links

"Азовсталь" зауытынан тағы 50 адам эвакуацияланды


Мариупольдегі "Азовсталь" зауыты. 5 мамыр 2022 жыл.
Мариупольдегі "Азовсталь" зауыты. 5 мамыр 2022 жыл.

Ресей әскері қоршауындағы Мариуполь қаласында 6 мамырда "Азовсталь" зауытынан тағы 50 бейбіт тұрғын эвакуацияланды. Бұл жөнінде Ресей қорғаныс министрлігі және Украина вице-премьері Ирина Верещук хабарлады.

Ресей қорғаныс министрлігінің айтуынша, бейбіт тұрғындар БҰҰ және халықаралық Қызыл крест ұйымының өкілдеріне тапсырылған. Олар тұрғындарды "арнайы таңдалған уақытша орынға жеткізеді".

Ал Ирина Верещук Ресей әскерін атысты тоқтату режимін бұзды деп айыптады, соның салдарынан эвакуация баяу жүрген. Гуманитарлық колонна "Порт-сити" сауда орталығында күткен Мариупольдің өзге тұрғындарын алып үлгермеген.

Тараптар "Азовстальда" гуманитарлық операция сенбі күні жалғасатынын айтты.

  • "Азовсталь" – украин күштерінің бақылауында қалған Мариупольдегі жалғыз орын. Ресей билігі зауытқа шоғырланған украин әскерін берілуге шақырған, алайда олар бас тартқан.
  • 6 мамырда таңертең Ресей әскерінің "Азовсталь" зауытына басып кіруге тағы талпыныс жасағаны белгілі болды. Украина қарулы күштері бас штабының мәліметінше, Ресей күштері артиллерия, авиация және техниканы пайдаланып, комбинат аумағына кіре бастаған. Осыған дейін Ресей тарабы зауытқа шабуыл жасамайтынын, тек жолын бітеп тастайтынын ғана айтқан еді.
XS
SM
MD
LG