Accessibility links

Таулы Бадахшанның Рушан ауданындағы қақтығыста 114 адам ұсталды


Хорог қаласы.
Хорог қаласы.

Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялы облысының Рушан ауданындағы "терроризммен күрес операциясы" барысында 114 адам ұсталды, деп хабарлады республиканың ішкі істер министрлігі. Мұның алдында 70 адамның қамауға түскені хабарланған.

Таулы Бадахшан тұрғындарының мәлімдеуінше, тәжік күштері Рушандағы наразылық акциясын күшпен басқан. Жергілікті тұрғындар Тәжікстаннан Қытайға баратын Душанбе-Кульма автожолын жапқан еді.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі "операция барысында терррористік топ мүшелерінен 24 Калашников автоматы, бес пулемет, түрлі маркадағы 18 тапанша, төрт винтовка, 11 қолдан жасалған граната, 86 "Молотов коктейльі", 3 кг тротил, 15 рация және 53 телефон тәркіленгенін" хабарлады.

Сонымен бірге, министрлік аймақтағы "террористік топтарды" іздеудегі Әлім Шерзамонов және оның сыбайластары Холбаш Холбашев пен Ульфатхоним Мамадшоева "қаржыландырған" дегене мәлімет таратты. Ульфатхоним Мамадшоева 18 мамырда Душанбедегі үйінде ұсталды. Оған "билікті күшпен құлатуға үндеді" деген айып тағылғаны мәлім болды. Ульфатхонимнің бұрынғы күйеуі Холбаш Холбашовтың қайда екені әзірге белгісіз. Ол Соғды облысында ұсталды деген мәлімет тарады.

Бұның алдында Әлім Шерзамонов пен Ульфатхоним Мамадшоева Таулы Бадахшандағы көтерілісті қаржыландырды деген айыпты жоққа шығарған.

Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы жағдай 14 мамырдан бері ушығып тұр. Сол күні Хорог қаласының жүздеген тұрғыны наразылық акциясын өткізіп, аймақ басшыларын қызметтен алуын, Бадахшан тұрғындарын қудалауды доғаруын, қараша оқиғасын әділ тергеуін, қамаудағы саяси тұтқындарды босатуын талап еткен. Билік олардың талаптарын орындаудан бас тартқан соң, дүйсенбі күні жергілікті жастардың үлкен тобы облыс әкімдігіне қарай беттеді. Чинак деп аталатын жерде оларды Тәжікстан құқық қорғау органдарының қызметкерлері күтіп алып, наразы топқа қарсы резіңке оқ пен көзден жас ағызатын газ қолданды.

Ресми мәлімет бойынша, осы қақтығыс кезінде Хорогтың бір тұрғыны қаза болып, құқық қорғау органдарының үш қызметкері жараланды. Жергілікті тұрғындар наразылыққа қатысқан бірнеше адам жараланғанын хабарлады.

18 мамырда Тәжікстан ішкі істер министрлігі Рушан ауданындағы "терроризммен күрес операциясы" барысында 9 адам адам қаза болып, 11 адам жараланғанын хабарлаған. Жергілікті тұрғындар билік күштері мен аудан жастары қақтығысында 21 адам қаза тапқанын мәлімдеді.

Қарай отырыңыз: 10 адам қаза тапты. Тәжікстанның автономдық облысында не болып жатыр? (19 мамыр 2022 жыл).

10 адам қаза тапты. Тәжікстанның автономдық облысында не болып жатыр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:57 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG