Accessibility links

Тәжікстан: Рушанда "терроризмге қарсы операцияда" қаза болған 21 адамның денесі туыстарына берілген


Таулы Бадахшан облысының Рушан ауданы.
Таулы Бадахшан облысының Рушан ауданы.

Тәжікстанның Таулы Бадахшан автономиялы облысы Рушан ауданында "антитеррористік операция" кезінде қаза болған 21 адамның денесі туыстарына берілген. Бұл жайында жергілікті тұрғындар хабарлады. Осының алдында 17 адам қайтыс болды деп хабарланған.

Тәжікстан ІІМ 18 мамырда жүргізілген "контртеррористік операция кезінде" кемінде 8 адам қайтыс болып, 11-і жараланды деп хабарлаған. Билік қаза болғандарды "террористік топтардың белсенді мүшелері" деп атады.

Қазір Таулы Бадахшан өңірінде интернет байланысы жоқ. БАҚ өкілдеріне де өңірге кіруге тыйым салынған.

Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы жағдай 14 мамырдан бері ушығып тұр. Сол күні Хорог қаласының жүздеген тұрғыны наразылық акциясын өткізіп, аймақ басшыларын қызметтен алуын, Бадахшан тұрғындарын қудалауды доғаруын, қараша оқиғасын әділ тергеуін, қамаудағы саяси тұтқындарды босатуын талап еткен.

Билік олардың талаптарын орындаудан бас тартқан соң, дүйсенбі күні жергілікті жастардың үлкен тобы облыс әкімдігіне қарай беттеді. Чинак деп аталатын жерде оларды Тәжікстан құқық қорғау органдарының қызметкерлері күтіп алып, наразы топқа қарсы резіңке оқ пен көзден жас ағызатын газ қолданды.

Ресми мәлімет бойынша, осы қақтығыс кезінде Хорогтың бір тұрғыны қаза болып, құқық қорғау органдарының үш қызметкері жараланды. Жергілікті тұрғындар наразылыққа қатысқан бірнеше адам жараланғанын хабарлады. Кейін билік өңірде болған "терроризммен күрес операциясы" кезінде 200-ден астам адам ұсталғанын мәлімдеген.

Қарай отырыңыз: 10 адам қаза тапты. Тәжікстанның автономдық облысында не болып жатыр? (19 мамыр 2022 жыл).

10 адам қаза тапты. Тәжікстанның автономдық облысында не болып жатыр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:57 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG