Accessibility links

"Байрактарды" өндіруші Украинаға бір дронды тегін береді


Киевтегі әскери парад кезінде көрсетілген "Байрактар" дроны. Тамыз айы, 2021 жыл.
Киевтегі әскери парад кезінде көрсетілген "Байрактар" дроны. Тамыз айы, 2021 жыл.

"Байрактар" әскери дронын өндіретін түрік компаниясы Украинаға біреуін тегін беретін болды. Бұл жөнінде Baykar компаниясы Твиттерде жазды.

Литва азаматтары Украина әскеріне әскери дрон сатып алу үшін 5 млн еуро жинаған соң, компания біреуін тегін беруді шешті.

"Литва халқы Bayraktar TB2 сатып алып, Украинаға беру үшін қайырымдылық жасады. Осыны біліп, Baykar бір дронды тегін беретін болып шешім қабылдады. Ал жиналған қаржыны Украинаға гуманитарлық көмекке беруді сұраймыз" делінген компания мәлімдемесінде.

"Байрактар" дроны әуеде 12-ден 24 сағатқа дейін жүре алады. Бұл әуе кеңістігін үнемі бақылауда ұстап тұруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге дрон зымыранды қағып түсіре алады. Украина бұл дрондарды былтырдан бері сатып ала бастаған. Қазір Ресеймен соғыста қолданылып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG