Accessibility links

Freedom House Нұр-Сұлтанды белсенді Жанболат Мамайды қамаудан босатуға үндеді


Оппозициялық белсенді Жанболат Мамай Республика алаңындағы Тәуелсіздік ескерткіші алдында 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алу шарасында сөйлеп тұр. Алматы, 13 ақпан 2022 жыл.
Оппозициялық белсенді Жанболат Мамай Республика алаңындағы Тәуелсіздік ескерткіші алдында 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алу шарасында сөйлеп тұр. Алматы, 13 ақпан 2022 жыл.

Freedom House халықаралық құқық қорғау ұйымы Қазақстан билігін оппозициялық белсенді Жанболат Мамайды босатуға үндеді.

"Freedom House Жанболат Мамайға қаңтардағы наразылыққа қатысты жаңа айып тағылғанына алаңдайды. Бұл Қазақстан үкіметінің елдегі адам құқығын сақтайтын "Жаңа Қазақстан" туралы ұстанымына берік екеніне күмән келтіреді" деп жазды Freedom House twitter-дегі парақшасына.

Freedom House мәліметінше, Жанболат Мамай 8 маусымда үндеу жариялап, өзінге тергеу органдары жаңадан тағып отырған "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды" және "жалған ақпарат таратты" деген айыптарды мойындамайтынын мәлімдеген. Ол өзін билік саяси астармен қудалап жатыр деп есептейді.

8 маусымда белсендінің әйелі Инга Иманбай Facebook’тегі парақшасына Жанболат Мамайдың тергеу изоляторынан жазған хатын жариялаған. Онда Мамай өзіне тағы екі бап бойынша айып тағылғанын хабарлаған.

"Айыпты деп танылса Мамай 10 жылға бостандығынан айырылуы мүмкін. Freedom House Мамайды тезірек босатып, оған тағылған айыптарды алып тастауға үндейді" делінген Freedom House мәлімдемесінде.

Тіркелмеген "Демократиялық партия" жетекшісі, 34 жастағы Жанболат Мамай биылғы 26 ақпаннан бері қамауда жатыр. 6 мамырда сот оның қамау мерзімін 12 маусымға дейін ұзартқан. Белсендінің жақтастары бұл істердің саяси астары бар деп санайды.

Осыған дейін Human Rights Watch, Amnesty International халықаралық ұйымдары Қазақстан билігін Жанболат Мамайды босатып, тағылған айыптарды алып тастауға үндеген.

Мамай авторитар үкіметті қатаң сынаумен танылған. Ол "Қазақстанның демократиялық партиясын" құрып, тіркеуге тырысқанын, бірақ билік кедергі келтіргенін айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG