Accessibility links

Ресей билік өкілі елге 170 мың IT-маман жетіспейтінін айтады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресейге 170 мың IT-маман жетіспейді деп мәлімдеді федерация кеңесінің әлеуметтік саясат жөніндегі комитеті отырысында Ресей ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Зубов. Оның сөзінше, әлемнің көп елі Украинаға басқыншылық жасаған Ресейге экономикалық санкциялар салғаннан кейін елден IT-компания қызметкерлері мен осы саланың мамандары жаппай кете бастаған.

Зубов Ресейді шетелдік IT-мамандар қызығатындай елге айналдыру үшін арнайы шаралар қабылдап, қолдауға үндеген. Мысалы, ақпараттық технологиялар саласы мамандарына Ресейде тұруға ықтиярхат беруді жеңілдетуді көздейтін заң жобасын Мемлекеттік дума маусымда қабылдаған, қазір құжат сенаттың қарауында жатыр.

Бұған дейін Ресей билігі елден жоғары білікті мамандардың кетуін елеулі проблема деп мойындағысы келмеген. Мысалы, үкіметте ақпараттық технологияларды дамытуға жауапты вице-премьер Дмитрий Чернышенко мамырда әлгіндей хабарлады "бос сөз" десе, Ресей үкіметінің жетекшісі Михаил Мишустин Ресейден кеткен мамандардың 85 пайызы елге қайтып оралды деп мәлімдеген.

  • "Интернетте қорғау қоғамының" директоры Михаил Климарев үкімет ұсынған шаралардың шетелге кеткен білікті мамандардың елге оралуына әсері шамалы деп санайды. Ықтиярхат алу тәртібін жеңілдетіп, салықты азайтқанмен, Ресейде программистің орташа еңбекақысы 140 мың рубльге жуық болса, ал әлемдік IT-корпорацияларда бұдан әлдеқайда көп төлейді дейді Климарев. Бұан қоса рубльдің басқа валюталарға шаққандағы бағамының өте құбылмалы болуы, ой-пікірін білдіргені үшін қуғын-сүргінге ұшырау қаупі, Орталық Азиядан келетін мамандардың ксенофобияға кезігуі тәрізді жайттар да кері әсер етеді.

Юрий Зубовтың сөзінше, Ресейдің IT саласында миллионға жуық адам жұмыс істейді, яғни 170 мың маманның жетіспеуі осы салада еңбек ететіндердің 15 пайызға жуық шетелге кеткенін білдіреді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG