Лисичанск үшін шайқас ұзаққа созылып, талай қан төгілді. Ресей әскері Украина шығысындағы бұл қаланы басып алып, Луганск облысына толықтай бақылау орнатты. Толассыз артиллериялық шабуылдан соң Украина әскері қираған қаланы тастап шығуға мәжбүр болды. Украина президенті Владимир Зеленский "қайта ораламыз" деп мәлімдеді.