Accessibility links

Қаңтар оқиғасында бизнесіне зақым келген кәсіпкерлерге мемлекет 14,3 млрд теңге өтемақы төлеген


Үкімет үйі.
Үкімет үйі.

Қаңтар оқиғасы кезінде бизнесіне зақым келген шағын және орта бизнес өкілдеріне мемлекет 14,3 млрд теңге көлемінде өтемақы төледі. Бейсенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деп мәлімдеді.

"Қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен 1,7 мың орта және шағын бизнес субъектісі 14,3 млрд теңге көлемінде төлем алды" деді Смайылов.

Осыған дейін қаржы министрлігі "қаңтар оқиғасының салдарын жоюға" үкімет 31 млрд теңге қаражат қарастырып отырғанын айтқан. 21 миллиарды Алматы мен өзге өңірлердегі шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға жұмсалатыны хабарланған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG