Accessibility links

Запорожье облысындағы ресейлік билік аймақты Ресейге қосу үшін референдум өткізбек


Украинаның оккупацияланған Запорожье облысының ресейлік басшылығы аймақты Ресейге қосу үшін референдум өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы Ресейдің мемлекеттік ТАСС агенттігі хабарлады.

Қазір бұл облыстың басым бөлігі Ресейдің бақылауында, аймақтың орталығы Запорожье қаласы ғана Украинаның қолында. Киев бірнеше рет Украинаның Ресейге қосылған аумақтарын ешқашан мойындамайтынын мәлімдеген.

2014 жылы Ресей Украинаның Қырым және Севастополь аумағын референдум арқылы аннексиялап алған. Украина мен халықаралық қауымдастық референдум Ресей әскерінің бақылауымен өтті деп Кремльдің бұл әрекетін мойындамаған.

2022 жылы ақпанда Мәскеу Украина аумағындағы жерлерді аннексияламайтынын мәлімдеген. Бірақ кейін ресейлік шенеуніктер Украинаның оккупацияланған жерлерін Ресейге қосу туралы ашық айта бастады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG