Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі пессимистік болжам бойынша, елде күніне 4 мыңға дейін науқас тіркелуі мүмкін деп болжайды. 15 шілде күні орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг кезінде денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният осылай деп мәлімдеді.
"Пессимистік сценарий бойынша алдағы үш айда күніне 4 мыңға дейін, ал "реалистік сценарий" бойынша күніне 2400-ге дейін науқас, оптимистік сценарий бойынша күніне 1000 науқас тіркеледі" деді Ажар Ғиният.
Оның айтуынша, тамыз айында коронавирус күш алып, тек тамыздың соңы мен қыркүйектің басында ғана бәсеңдеуі мүмкін.
Министр жұма күнгі брифинг кезінде сонымен бірге аймақтарды "жасыл", "сары", "қызылға" бөлу критерийлері өзгергенін де айтты. Бұдан былай:
- “Жасыл аймаққа” мынадай көрсеткіші бар аймақтар кіреді: R коэффициенті қанша болса да, ауруханадағы орындары 2500-ге дейін толған немесе ауруханадағы орындары 5000-ге дейін толған, R көрсеткіші 1-ден төмен аймақтар кіреді;
- “Сары аймаққа”: R =>1 және ауруханада 5 мыңға дейін науқас жатқан немесе R =
- “Қызыл аймаққа”: R >1 және ауруханасында 5 мыңға дейін науқасы бар немесе R коэффициенті қанша болса да, ауруханада 10 мыңнан астам науқасы бар аймақтар кіреді.
Осыған орай бұған дейін “сары аймақта” болған Алматы қаласы қайта “жасыл аймаққа” кірді. Денсаулық сақтау министрі қазір вирус сипаты өзгергенін, көп жағдайда коронавирус жеңіл өтіп жатқанын атап өтті. Сол себепті облыстар мен қалалар “қызыл аймаққа” жатса да, бұрынғыдай қатаң шектеулер болмайтынын да жеткізді.
Осы аптада коронавирус жұқтырғандар ұзақ уақыттан бері алғаш рет мыңнан асып, билік коронавирус шектеулері туралы қайта айта бастаған. Бір күн бұрын 1257, оның алдында 1104 адамнан коронавирус анықталған.
ПІКІРЛЕР