Ресей мемлекеттік думасына Украинаны "террористік мемлекет" деп тану жөніндегі заң жобасы келіп түсті. Бұл жөнінде ТАСС агенттігі "Справедливая Россия - За правду" фракциясының жетекшісі Сергей Мироновтың сөздеріне сілтеме жасап хабарлады. Бұл заң жобасын әзірлеген де осы фракция екен.
Заң жобасымен танысып шыққан РИА Новости агенттігі "терроризмді демеушілік" еткен елдерді де "террористік" деп тану жөнінде бап барын айтады. Атап айтқанда, Украинаға әскери көмек көрсеткен елдер. Мұндай елдердің тізімін жасау Ресей үкіметіне тапсырылған.
Құжатқа сәйкес, "елді мекендерге жарылыс жасап, адам өміріне қауіп төндірген", "заңсыз қарулы қылмыстық топ құрған", "Ресейдің территориялық тұтастығын бұзған немесе соған үндеген" мемлекеттер "террористік" деп танылады.
Заң жобасына сәйкес, "террористік" деп танылған елдермен Ресей барлық дипломатиялық қарым-қатынасты үзеді. Сонымен бірге сол елдің азаматтарының дүние-мүлкі тәркіленеді.
ПІКІРЛЕР