Accessibility links

Таулы Қарабақта жартылай әскери мобилизация жарияланды


Қарабақтағы әзербайжан күштері мен бітімгерлер. 2020 жыл.
Қарабақтағы әзербайжан күштері мен бітімгерлер. 2020 жыл.

Өзін республика деп жариялап алған Таулы Қарабақ басшысы Араик Арутюнян 3 тамызда жартылай әскери мобилизация туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Мұндай шешім аймақта армян-әзербайжан жанжалы ұшығып кетуіне байланысты қабылданған. Өз егемендігін жариялаған республика әскерінің мәлімдеуінше, Әзербайжан қарулы күштері жіберген дрондардың соққысынан екі жауынгер қаза болып, бірнеше сарбаз жараланған.

Бұл уақытта Баку Лачын ауданында армян жағынан атылған оқтан бір жауынгер опат болғанын мәлімдеді.

Армения мен Әзербайжан арасындағы жанжал 2020 жылғы күзде қайта ушықты. Баку мен Ереванның 44 күнге созылған текетіресінен соң әскери қимылдарды доғару туралы келісім қабылданды.

Құжатқа сәйкес, Баку Қарабақта 1990-жылдардың басында армян әскері басып алған аумақтың елеулі бөлігін кері қайтарды. Оқ атпау тәртібін бақылау ресейлік бітімгерлерге тапсырылды.

Кейінгі күндері жанжал ошағында оқ атпау тәртібі қайта-қайта бұзылған. Әзербайжан Баку бақылауына өткен аумақтардан армян қарулы күштері толық кетпегенін, Қарабаққа қатысты келісім ережелері орындалмай отырғанын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG