Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында атыс болып, үш адам жараланды. Зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлады жергілікті ақпарат агенттіктері.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 4 тамызда сағат 16:20 шамасында үш адам Ұзынағаш ауруханасына оқ жарақатымен түскен. Біреуі реанимация бөлімінде көз жұмған.
Ақпаратқа қарағанда, полиция "Тосқауыл" жоспарын жариялаған. Полицияның хабарлауынша, жергілікті тұрғындар бір-бірімен төбелесіп, қару қолданған.
"Қазір оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығы анықталды, оларды ұстау шаралары жүріп жатыр" деді полицияның баспасөз қызметінің өкілдері.
ПІКІРЛЕР