Accessibility links

Түркістан облысында Өзбекстаннан Қырғызстанға бағыт алған автобус жол апатына ұшырап, 12 адам ауруханаға түсті


Жедел жәрдем қызметкерлері.
Жедел жәрдем қызметкерлері.

Түркістан облысында автобус жол апатына ұшырап, 12 шетел азаматы ауруханаға түсті. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігінің ақпаратына сүйенген ҚазТАГ агенттігі жазды.

Ақпаратқа қарағанда, жол апаты жайлы хабар Түлкібас ауданының полиция бөліміне 27 тамызда таңертеңгі сағат 7-ден кете бере келіп түскен.

"Оқиға орнына келген полицейлер 601-шақырымда Шақпақ ауылы маңында автобус жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың шетіне шығып кеткенін анықтады. Тексеру кезінде автобустың Өзбекстаннан Қырғызстанға қарай кетіп бара жатқаны анықталды. Салонда шетел азаматтары болған. Жол апаты салдарынан 12 адам түрлі жарақатпен жақын жердегі ауруханаға жатқызылды" деп жазылған ІІМ сенбі күні хабарламасында.

Полиция "Жол немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзу" (345-бап) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған.

"Оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Сараптама тағайындалған. Оқиға орнында Түлкібас ауданы полиция бөлімінің анықтаушылары жұмыс істеп жатыр" деп жазылған ресми хабарламада.

  • Қазақстанда жол апаты жиі болады. Мамыр айында Жамбыл облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, екі адам қаза болған, 33 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түскен.
  • Жуырда ІІМ елде жол апаты көбейгенін растаған. Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, биыл қаңтар мен мамыр айларында 5,2 мың жол апаты тіркелген. Онда кемінде 744 адам қаза болған, 7,7 мың адам зардап шеккен. Бұл 2021 жылдың алғашқы бес айымен салыстырғанда 11,2 пайызға көп. Жол апаты саны жағынан Алматы (862) мен Жамбыл облыстары (548) алғашқы орындарда тұр. Жол апатынан қаза болғандар көрсеткіші бойынша Алматы обласы (163 адам), Жамбыл (99 адам) және Түркістан облыстары (63 адам) алдыңғы орындарда тұр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG