Accessibility links

"Ресей әкеріне тіл тигізгені үшін" саха белсендісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды


Жерлеу рәсімдері дүкенінің жанында соғысқа қарсы пикетке шыққан Айхал Аммосов. Саха республикасы, 13 тамыз 2022 жыл
Жерлеу рәсімдері дүкенінің жанында соғысқа қарсы пикетке шыққан Айхал Аммосов. Саха республикасы, 13 тамыз 2022 жыл

Crispy Newspaper панк тобының жетекшісі, саха белсендісі Айхал Аммосовтың үстінен "Ресей әскеріне тіл тигізгені үшін" қылмыстық іс қозғалған. Бұл жөнінде Ресейдің "ОВД-Инфо" құқық қорғау ұйымы хабарлады.

Құқық қорғаушы ұйымның жазуына қарағанда, қылмыстық істі "Yakutian punk against war" (ағылшын тілінен аударғанда - "Якут панкі соғысқа қарсы") деген жазуы бар баннер үшін қозғаған. Аммосов бұл баннерді Саха республикасының орталығы - Якутск қаласына 13 тамызда Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин келер күні ілмек болған.

Азаттық радиосы Ресей қызметінің мәліметіне қарағанда, қазіргі уақытта белсенді 15 тәулік қамауда жатыр, 3 қыркүйекте тәулікке бостандыққа шығады.

Бұған дейін "Ресей әскеріне тіл тигізгені үшін" Аммосовқа үш рет айыппұл салынған. Аммосов акцияларының бірін жерлеу рәсімдері дүкені алдында өткізіп, "Күйеуің келді" деген плакат ұстап тұрған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG