Accessibility links

Мирзияев Совет одағында репрессияланған өзбек азаматтарын еске алды


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 31 тамыз күні қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, тәуелсіздікке дейін 100 мың отандасы репрессияға ұшырағанын, 13 мың адам ату жазасына кесілгенін айтты. Бұл туралы өзбек президентінің сайты мәлімдеді.

"Тәуелсіздікке қол жеткізу оңай болмады. Тәуелсіздігімізді 31 жыл бұрын алынымен, аталарымыз бұған 100 жылдан астам уақыт бұрын талпынған. 100 мың отандасымыз қуғын-сүргінге ұшырап, 13 мың адам қатыгездікпен атылды. Неге? Өйткені олар біздің ұлы батырларымыз, ұлттың бетке ұстар азаматтары еді. Екі-үш тілді білді. Режим олардан Отанды азат етіп, оның гүлденуіне әкеледі деп қорықты" деп келтіреді баспасөз қызметі Мирзияевтің сөзін.

Өзбек президентінің сөзінше, былтыр елдің жоғарғы соты 235 репрессия құрбанын ақтаған.

31 тамыз – Өзбекстанда Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Тарихшылардың дерегінше, Совет одағында 1937 жылдың екінші жартысының өзінде-ақ миллионнан астам адам репрессияға ұшыраған. Қазақстанда 1937-1938 жылдары 120 мыңнан астам қуғындалып, 25 мың адам атылған. 1993 жылы Қазақстан "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы" туралы заң қабылдады. Елде содан бері сталиндік репрессия құрбандарын ақтау процесі жүріп келеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG