Дүйсенбі, 5 қыркүйек күні Ресейдің Ауғанстандағы елшілігі алдында жарылыс болып, жиырмадан астам қаза тапты. Оның екеуі – дипөкілдіктің қызметкері. Бұл туралы Ресей сыртқы істер министрлігіне сілтей отырып "Интерфакс" агенттігі хабарлады.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, жарылысты жанкешті жасаған. Бұл жарылыстың жүгін ешкім мойнына ала қоймады. Осыған дейін Кабулда "Талибанға" қарсы күресетін "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымы бірнеше мәрте теракт жасаған.
"Новости" ақпарат агенттігінің ақпаратынша, жарылыс Ресей дипломаты визаға кезекте тұрған адамдарға шыққан кезде болған.
Ресей әлемнің өзге елдері секілді тәліптер басқаратын қазіргі ауған үкіметін мойындамады, бірақ Кабулдағы елшігі қызметін жалғастыра берді. Мәскеу тәліптердің үкіметімен экономикалық және саяси байланыс орнатқан.
Тәліптер ауған билігін былтыр тамызда АҚШ әскері елден кеткен кезде қолына алған.
ПІКІРЛЕР